08
декабрь
2021
Дигарбекова Айман Алимбековна
ӨмірбаянДигарбекова Айман Алимбековна 1977 жылы 17 ақпанда
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қызыл- Отау ауылында дүниеге келдім.
1984 жылы Хантау стансасындағы № 303 орта мектеп табалдырығын аттадым, 1994 жылы С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің 11 сыныбын аяқтадым.
1995 жылы Шу қаласындағы ОКТУ-нің бала тәрбиешісі факультетіне түсіп,1996 жылы балабақша тәрбиеші мамандығығын бітіріп шықтым.
Еңбек жолымды 1998 жылы Хантау Стансасындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектебінен бастадым. Аталған мектепте жұмыс істей жүріп,сырттай Тараз қаласындағы ТарГу Мемлекеттік Университетіне түсіп, аталған оқу орнын 2006 жылы Тарих-география мұғалімі мамандығын бітірдім және 2009 жылдың тамыз айына дейін Тарих пәні мұғалімі болып жұмыс істедім.
2009 жылдың қыркүйек айынан бастап. Шу ауданы Бірлік ауылындағы «Алпамыс» балалар бақшасында»тәрбиеші қызыметінен бастадым.
Осы атаулы балабақшада 2018 жылдан бастап әдіскер болып жұмыс істеп жүрмін. Қазіргі кезде 2020 жылдың қараша айынан бастап «Алпамыс» бөбекжай – бақшасының меңгеруші міндетін атқарудамын. Отбасында жолдасым бір қыз,бір ұлым бар.